"Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру ағымдағы жылдың наурыз айында оқушылар арасында өткізілген "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы болып табылады. Барлық іс - шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.
Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:
Қыркүйек – "Сергіту сәті"
Қазан – "Әнұран айту"
Қараша – "Асық ату"
Желтоқсан – "Шығарма жазу: болашаққа хат"
Қаңтар – "Қазақ есебі"
Ақпан – "Оқуға құштар мектеп"
Наурыз – "Домбырашылар"
Сәуір – "Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны"
Мамыр – "Жасыл мекен".