Ұлттық Олимпиада комитеті Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді

3018

Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.  

Ұлттық Олимпиада комитеті Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді Фото: Сали Сабиров

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етті. Талапта ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан тарапы ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз", - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу