Ұлттық Олимпиадалық комитет сурет байқауын қорытындылады

1234

Ұлттық Олимпиадалық комитет Бейжің-2022 Олимпиадасына аттанатын Қазақстан Олимпиадалық командасын қолдау мақсатында өткізілген балалар сурет байқауын қорытындылады.  

Ұлттық Олимпиадалық комитет сурет байқауын қорытындылады

Еліміздің әр аймағындағы жас таланттар байқауға 230-дан аса жұмыс жіберген. Ең жас қатысушы 4 жаста, ал ең үлкенінің жасы 14-тен аспауы тиіс. 

Жеңімпаздарды қысқы спорт түрлерінен ұлттық командалардың көшбасшылары, сондай-ақ Қазақстан ҰОК атлеттер Комиссиясының мүшелері таңдап, байқау жүлдегерлерінің санын 20 адамға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. 

Байқаудың жеңімпазы Солтүстік қазақстан облысы Кішкенекөл ауылының тұрғыны Ақнұр Болатқызы болды. Сондай-ақ комиссия ақтөбелік Аяулым Ғазиздің кіші қатысушылар арасындағы жұмысын ерекше атап өтіп, оны арнайы сыйлықпен көтермелеу туралы шешім қабылдады.

Белсенділігі пен креативтілігі үшін София Литвинова (Жітіқара, Қостанай облысы), Інжу Нұржанқызы (Курчатов, ШҚО), Милана және Дмитрий Роговтар (Новая жизнь ауылы, БҚО), Адина Намазалы (Нұр-сұлтан), Роман Меньшиков (Нұр-сұлтан), Айша Серікова (Орал), Әмір Сәкенов (Павлодар), Азиза Фазоллина (Мереке ауылы, БҚО), Виолетта Штахура (Павлодар облысы, Железинка ауылы), Ершат Қайыржанов (Асан ауылы, БҚО), Карина Мишина (Алматы), Ақдана Еркен (Нұр-сұлтан), Айғаным Смағұл (Байсерке ауылы, Алматы облысы), Әмина Жолдықараева (Түркістан қаласы), Вячеслав Габченко (Веденовка ауылы, Ақмола облысы), Балзия Жаңабайқызы (Шымкент), Аймира Омар (Қарақия ауылы, Маңғыстау облысы). Байқаудың ең жас қатысушысы Нұр-сұлтан қаласынан төрт жасар Арнұр Аринов арнайы жүлдеге ие болады.

"Өткен жылы Қазақстанның жас жанкүйерлері көрсеткен қолдау барлық спортшыларға қатты әсер етті. Сондықтан біз тағы да Олимпиада ойындары қарсаңында балалар суреттері байқауын өткізуді ұйғардық. Бұл дарынды балаларды қолдау және олимпиадашыларды шабыттандыру мүмкіндігі. Біз еліміздің түкпір-түкпірінен, қалалардан және шалғай ауылдардан осындай кең пікір алған сайын өте қуаныштымыз, бұл біз үшін де, біздің құрама үшін де құнды. Біз әрқашан атап өтетіндей, барлық чемпиондар бала кезден шығады. Біздің жас дарындарымыз қай салада дамыса да, оларға әрқашанда жеңіс пен сәттілік серік болсын!", – деді Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Одан бөлек, Ұлттық Олимпиадалық комитет өз бастамасымен шәкірттерінің суреттерін жолдаған мектептер мен көркем студиялардың және педагогтардың жұмысын ерекше атап өтеді. Қазақстан ҰОК атынан "Абай" жалпы білім беру мектебіне, Шымкенттегі "Болашақ" мектебіне, Железин ауданының №2 мектебіне, Нұр-Сұлтандағы №71 мектеп-лицейге және оқытушы Лада Гайновичке алғыс хат жіберіледі. 

"Байқауға қатысушылардың барлығына рахмет айтамын! Бізге жас жанкүйерлердің суреттері мен тілектерін жолдағанда, ерекше толқыдық. Суреттердің көпшілігін қайта-қайта қарап, жылы лебіздерін оқыдық. Ең кішкентай қазақстандықтардың қолдауы бізге жігер береді! Әсіресе, қазіргі карантин кезінде, Олимпиада қарсаңында бізді қуаттандырады. Бір суретті таңдап алу қиынға түсті. Барлық қатысушыларды жеңімпаз деп атағымыз келді. Оның үстіне, жас жанкүйерлердің спортқа деген қызығушылығының жоғары екені де бізді қуантты. Олардың қысқы спорт түрлері туралы да көп  білетіні байқалды. Кейбір қатысушылар біздің суретімізді салып, өз аттарынан тілек жазып жіберген. Бұл жылы лебіздер бізді Олимпиада кезінде де жылытатыны сөзсіз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Дені сау, бақытты ұрпақ болып өсіңіздер! Біз үшін барлығың да чемпионсыңдар", – деді шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев.

Байқауға жұмыстар кез-келген орындау техникасында қабылданды. Сурет тақырыбы – "Менің сүйікті қысқы спортым" және "Қысқы Олимпиада ойындары".

Бірақ ең бастысы, кейбір шығармашылық жұмыстарды сүйемелдейтін балалардың тілектері Бейжің-2022 Қазақстан құрамасының киім-кешегінің бір бөлігі болатын футболкаларға салынады.

Конкурсқа өтінімдер 2021 жылғы 27 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін қабылданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу