Ұлттық оператор Ливан және Кипрмен халықаралық пошта алмасуды қайта бастады

1270

Алайда карантиндік шараларға байланысты Қытай, Моңғолия, Ливияға жіберілген халықаралық жөнелтілімдер әлі күнге дейін қабылданбаған.

Ұлттық оператор Ливан және Кипрмен халықаралық пошта алмасуды қайта бастады

Еліміздің ұлттық пошта операторы Бейрут (Ливан), Ларнака (Кипр) және Белградпен (Сербия) халықаралық пошта алмасуды қайта бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазпошта" баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Осылайша, оператор 105 елмен әуе және 35 мемлекетпен құрлық арқылы пошта алмасуды жүзеге асырады.

Сонымен бірге, Қазақстаннан Қытайға, Моңғолияға, Ливияға, Сирияға, Боливияға, Йеменге және Папуа-Жаңа Гвинеяға жіберілген халықаралық пошта жөнелтілімдері карантиндік шараларға байланысты әлі күнге дейін қабылданбай келеді.

"Қазпошта" АҚ - бұл пошта және қаржылық қызметтердің барлық түрлерін ұсынатын, Қазақстандағы ұлттық пошта операторы. Компания "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының құрамына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу