Ұлттық пантеонға ел басқарған Президенттердің отбасы мүшелері жерленбейді – Үкімет қаулысы

802

"Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" Үкімет қаулысына өзгеріс енгізілмек.  

Ұлттық пантеонға ел басқарған Президенттердің отбасы мүшелері жерленбейді – Үкімет қаулысы Фото: nur.kz

Жаңа редакцияда: "Қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай адамдар пантеон аумағында жерленеді: Қазақстан Республикасының президенттері", - делінген.

Айта кетсек, қолданыстағы талап бойынша ұлттық пантеон аумағына Қазақстан президенттері және олардың отбасы мүшелері жерленеді. Жаңа өзгеріске сай, енді бұл норма алынып тасталады. Дегенмен президенттердің жұбайы мен зайыбын пантеонға жерлеуге рұқсат етіледі.

"Отбасы мүшелерін пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлері айқындалуына орай алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, "отбасы мүшелері" ұғымы қарастырылмаған. Сонымен бірге, осы ережемен тұлғалардың жұбайы немесе зайыбын жерлеу мүмкіндігі қарастырылған", - деп түсіндірме берілген өзгеріске.

Үкімет қаулысы Ашық үкімет сайтында 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу