Ұлттық парктердегі заңбұзушылықтар туралы "жедел желіге" хабарлауға болады

809

Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. 

Ұлттық парктердегі заңбұзушылықтар туралы "жедел желіге" хабарлауға болады

Енді кез келген азамат ұлттық парктегі теріс әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заңбұзушылықтар туралы фото және бейне қосымша арқылы тікелей хабарлай алады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазірдің өзінде бізге ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заңбұзушылық жойылды. Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз!", – деді Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.

 ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "жедел желісінің" нөмірі: +7777 6785252.

Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ заңбұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі.

Осылайша, елдің әрбір тұрғыны еліміздің табиғатын қорғауға және оны сақтауға қатысып, тұрғындар арасында жоғары деңгейдегі туристік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете алады.

Министрлік қарамағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер тізімі:

1. Іле-Алатау МҰТП

2. "Көлсай көлдері" МҰТП

3. Шарын МҰТП

4. "Алтын-Емел" МҰТП

5. "Көкшетау" МҰТП

6. Баянауыл МҰТП

7. Қатон-Қарағай МҰТП

8. Сайрам-Өгем МҰТП

9. "Бұйратау" МҰТП

10. Қарқаралы МҰТП

11. Жоңғар-Алатауы МҰТП

12. "Тарбағатай" МҰТП

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу