Мұндай ақпаратты жуықта таратылған "Зерде" холдингінің соңғы басшысы Арман Әбдірасылов фейсбук желісінде жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Бұған дейін "Зерде" холдингі бұл жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, өз қаражаты есебінен жергілікті компаниялардың күшімен іске асыруды ұсынған болатын", – дегенді айтады Арман Әбдірасылов.
Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен бұл ақпарат "шындыққа жанаспайтынын" мәлім етті.
Олардың жауабына қарағанда, платформа жасатуға "отандық компания таңдалады". "Қазір техникалық құжаттамаға сараптама жүргізіліп жатыр" екен.
Еске саламыз, бұрын Egov-тың орынына платформаны ресейлік "Сбер" компанисы жасамақ болғанда сала министрі Бағдат Мусиннің басы дауға қалған.