"Ұлттық рухтың қайта түлеуі елімізде бүгін басталған жоқ"

834

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты шарты – ұлттық кодты сақтау.

"Ұлттық рухтың қайта түлеуі елімізде бүгін басталған жоқ" Фото: Владислав Воднев

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асу барысы туралы баяндағанда осылай деді. 

Оның сөзінше, "Рухани жаңғыру" бағдарламасына үнемі дамып отыратын үлкен идеялық тұғырнама деп қарау керек.

"Осыдан 3 жыл бұрын еліміздің идеологиялық қазанын толтыруға үміт сыйлаған үлкен бастама қолға алынған болатын. "Рухани жаңғыру" деген атпен басталған бағдарлама биыл міне, жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Әрине, ұлттық рухтың қайта түлеуі елімізде бүгін басталған жоқ", – деді вице-министр. 

Болат Тілеповтің айтуынша, 2004 жылы "Мәдени мұра", 2010 жылы "Халық тарих толқында" деген бағдарламалар болды. Олар негізгі миссиясын ойдағыдай орындады. 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты шарты - ұлттық кодты сақтау. Көріп-біліп отырсыздар, әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Айтып келмеген індеттің өзі адамдардың өмір салтын ғана емес, тұтастай мемлекеттердің саясатын өзгертуде. Бірінші кезекке қазіргі таңда елдің денсаулығы, тән саулығы ғана емес, жан саулығы, яғни рухани күші, сауаты мен тәлім-тәрбиесі шығып отыр. Мұның барлығы бір күнде не бір жылда бола салатын дүние емес. Өйткені адамның тәнін емдеу қиын болса, жанын емдеу қиынның қиыны. Сондықтан қоғамның рухани жаңғыру мәселесіне белгілі бір мерзімді бағдарлама емес, үнемі дамып, толықтырылып отыратын үлкен идеялық тұғырнама деп қараған жөн", – деді Болат Тілепов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу