"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының" БҚО филиалында заңбұзушылықтар анықталды

521

Қараша айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ облыстағы филиалына қатысты профилактикалық бақылау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының" БҚО филиалында заңбұзушылықтар анықталды Фото: gov.kz

Тексеру барысында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңы талаптарын бұза отырып, 3 бірлік өлшем құралын салыстырып тексерусіз пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" талаптарын бұза отырып, салыстырып тексеру туралы 2 сертификат беру дерегі белгілі болды.

Профилактикалық бақылау қорытындысына сәйкес, бұзушылықтарды жою туралы, 3 дана өлшем құралын салыстырып тексеруден өткізу, 2 сертификатты кері қайтарып алу секілді нұсқама берілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу