Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындардың саны 35%-ға артты

504

2022 жылдың соңында бұл көрсеткіш 584 мыңды құрады.

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындардың саны 35%-ға артты Фото: gov.kz

Соңғы үш жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға артты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген: 28 мың адам. Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Бірден бірнеше облыста спортшылар саны 10 мыңға өсті. Бұл Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін)", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігінде Жамбыл және Алматы облыстары бар.

Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) облыстары және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр.

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбектің сөзінше, ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығының артуы ведомствоның бұл бағыттағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

"Қажет инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. Елімізде 16,5 мыңнан астам жаңа үйірмелер ашылды, қолданыстағы жарыстардың форматы өзгеріп жатыр",- деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу