Ұлттық спорттық жүлде-2019: үміткерлерге дауыс беру басталды

1281

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті "Altyn Samǵaý-2019" Ұлттық Спорттық Жүлдесі үшін дауыс беру басталғанын хабарлайды. 

 Ұлттық спорттық жүлде-2019: үміткерлерге дауыс беру басталды

15-29 қараша аралығында жанкүйерлер Қазақстан ҰОК ресми сайты Olympic.kz-тің арнайы бөлімі арқылы үміткерлерге өз даусын бере алады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілген Спорттық Жүлде биыл "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.  Жылдағы дәстүр бойынша, жанкүйерлер жыл үздігін биыл үшінші рет анықтамақ. 
Дауыс беру тоғыз аталым бойынша жүргізіледі:

1. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы"

2. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы"

3. "Үздік жас спортшы"

4. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы"

5. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы"

6. "Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік ұлттық спорт федерациясы"

7. "Үздік спорттық аймақ" (облыс және республикалық деңгейдегі қалалар, сондай-ақ, елордадағы дене шынықтыру және спорт басқармасы)

8. "Жыл жаңалығы"

9. "Жылдың үздік командасы" Олимпиадалық спорт түрлері маусымының қорытындысы бойынша үміткірлер тізімі жасақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу