Ұлттық статистика бюросы: БАҚ-тағы әйелдердің үлесі - 1,6%

360

 Елімізде ақпарат және байланыс саласында әйелдердің саны аз.  

Ұлттық статистика бюросы: БАҚ-тағы әйелдердің үлесі - 1,6% Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің үлесі – 1,6%, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Жалпы Қазақстан бойынша түрлі салаларда 43 70715 әйел жұмыс істейді екен. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%-ы. Оның ішінде 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істейді. Ал 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында еңбек етеді. Олардың бұл саладағы үлесі барлық жұмыспен қамтылған әйелдің 20%-ын құрайды. Көтерме және бөлшек саудада – 19,6%. Ал ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 9,6%, өнеркәсіпте 7,8% әйел еңбектеніп жүр.

Айта кетейік, 20 ақпанда өткен Президенттік жастар кадр резервінің форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қызметте әйелдер үлесі 10 пайызға жетпейтінін мәлімдеді.

Статистикаға сәйкес 2022 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55%-дан артқан(46,5 мың). Олардың 39%-дан астамы (9,2 мың) басшылық лауазымдарда қызмет етеді. Саяси лауазымдарда 59 әйел жұмыс істейді. Олардың арасында министрлер, Жоғары аудиторлық палата, Конституциялық сот төрағалары, облыс пен қала әкімдерінің орынбасарлары бар.

Сонымен қатар Үкімет гендерлік нысаналы индикаторларды мемлекеттің қатысуы бар компаниялардың даму жоспарларына енгізу арқылы олардың басшылық органдарында әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Жыл сайын қаржылық және қаржылық емес шаралар арқылы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау да артып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу