Форум барысында Мемлекет басшысы Бюроны нағыз цифрлық ведомствоға айналдыруды тапсырды.
"Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек.
Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн", – деді Президент.
Бюроның статистикалық қызметін реформалау портфелі былтырдан бері іске асырылып келеді және 67 жобаны қамтиды. Өзгерістер қазірдің өзінде Бюроның сыртқы және ішкі процестерінде айқын байқалып, әдістемелер қайта қаралып жатыр.