Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі қаржылай мәнде 97,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Айта кету керек, түрлі санаттар бойынша өндірілген өнім көлемі әртүрлі. Мәселен, қағаз және гофрленген картон өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,4% өскен, 83,3 мың тоннаны құрап отыр. Ал, қораптар мен жәшіктер өндірісі 10 айда 2,8% өсіп, 96,1 млн келіге жетті.
Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда дәретхана қағазын өндіру керісінше 34,7% (19,8 млн келі), қағаз майлықтар өндірісі 1,8% (3,6 млн келі) төмендеген.