Ұлттық статистика бюросы: Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 17 пайызға өсті

440

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, былтыр тұрғын үй құрылысы саласына 2 триллион 902,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.  

Ұлттық статистика бюросы: Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 17 пайызға өсті Фото: batys.info

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға көп және соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Саладағы оң динамиканың өсуіне жеке инвестициялардың бірден 607,6 млрд теңгеге, яғни 2 трлн 473,9 млрд теңгеге дейін ұлғаюы әсер еткен. Мұндай үлкен өсім соңғы бес жылдан бері болмаған.

Айта кетерлігі, бюджеттік инвестициялар құрылымындағы көпжылдық минимумға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен – 29,2 млрд теңге жеткен. Алты облыс оларды мүлде алмаған, бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Осылайша, негізгі ауыртпалық жергілікті бюджеттерге түсті.

"Жалпы инвестицияның жартысына жуығын екі қала – Астана (686,9 млрд теңге) және Алматы (598 млрд теңге) бастап отыр. Олардың өсу қарқыны сәйкесінше 10,9% және 16,9% құрады", - дейді сарапшылар.

Өсім 15 облыста, әсіресе Жетісу (+57,8%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (+54,2%) байқалады. Қалған бес облыстың ішінде инвестиция көлемі Атырау облысында (-45,1%) төмендеп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу