Ұлттық табиғи парктерде қанша жер жалға берілген?

1200

Қазақстанда барлығы 13 ұлттық табиғи парк бар.    

Ұлттық табиғи парктерде қанша жер жалға берілген?

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаев ұлттық табиғи парктерде қанша жер жалға берілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазақстан бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі – 7,5 млн гектар. Оған ұлттық қорықтар, ұлттық парктер де кіреді. Қазақстан бойынша ұлттық парктерде жалға берілген жердің көлемі – 1 800 гектар. Олар ұзақ және қысқа мерзімге жалға берілген", – деді комитет төрағасының міндетін атқарушы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Іле Алатауы ұлттық паркінде кәсіпкерлерге берілген бірнеше жер учаскесі мемлекет иелегіне қайтарылғанын, олармен жасалған келісімшарт бұзылғанын атап өтті.

"Келісімшартта жазылған іс-шараларды дұрыс орындамағандықтан кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ", – деді Ерлан Құтпанбаев.

Сонымен қатар басшы ұлттық парктердегі жер учаскерлері инвесторларға жалға берілетінін жеткізді.

"Бүгінде экотуризмді дамыту және ұлттық парктердегі инфрақұрылымды жақсарту үшін ондағы жер учаскерлері жалға берілуі мүмкін. Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан да ұлттық парктерді қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп түйіндеді сөзін комитет төрағасының міндетін атқарушы.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу