Ұлттық табиғи парктерге кіру тегін бола ма?

233

Елімізде 14 мемлекеттік ұлттық табиғи парк бар. 

Ұлттық табиғи парктерге кіру тегін бола ма? Фото: Visit Almaty

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ұлттық саябақтарға бару төлемі алынбағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші министрден "Ұлттық парктерге кіру тегін бола ма?" деп сұрады.

"Бізде екі түрлі төлем болатын. Біреуі – салық, ол тікелей бюджетке түседі. Бүгінде Салық кодексіне өзгеріс енгізілді, сол салықты алып тастады. Екіншісі қызмет үшін алынатын төлем. Мысалы, Алматы жақтағы Іле Алатау паркінде адам басы үшін 200 теңге алынады, Көлсай мен Шарында 500 теңге алады. Бұл қаражат тікелей сол парктің күнделікті шығынына жұмсалады. Атап айтқанда, жұмыс істейтін адамдарды жалақысы, абаттандыру және т.б. Тегін болады деп айту дұрыс емес. Екі төлемнің біреуі алынып, екіншісі қалды", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кету керек, 8 шілдеде Мемлекет басшысы "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу