Ұлттық тасымалдаушы электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін енгізбек

1104

Осы жүйемен рәсімделген электронды билет жолаушыны есепке алу мен отырғызу үшін негіз және фискалдық чек болып табылады.

Ұлттық тасымалдаушы электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін енгізбек

2019 жылдың 1 шілдесінен "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарына электронды жол жүру құжаттары жетілдірілген автоматтандырылған жүйемен сатылатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметі. Осы жүйемен рәсімделген электронды билет жолаушыны есепке алу мен отырғызу үшін негіз және фискалдық чек болып табылады.

Жеке жолаушылар агенттіктерінің өкілдеріне (билет кассалары) электрондық жол жүру құжаттарын сату тәртібі мен жаңа шарттары "Атамекен" ҰКП, ҚР көлік прокуратурасы, МҚІСҚ Агенттігі және ҚР ИИДМ-мен бірге өткен басқосуда жария етілді.

Жүйе жетілдірілген және билеттер сату саласындағы орын алуы мүмкін алаяқтықты айтарлықтай төмендетеді, яғни жолаушылар қайтарған билеттерді жылдам "ұстауға" мүмкіндік бермейді. Енді баю мақсатында жаппай билеттерді сатып алып, қайта сатушылар онысын жүзеге асыра алмайтын болды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларды өз сапарларын алдын ала жоспарлауды, жол жүру құжаттарын теміржол кассаларынан немесе тікелей онлайн-сату арқылы сатып алуға, бөтен күдікті тұлғалардың қызметіне жүгінбеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу