Ұлттық тасымалдаушы кішкентай жолаушыларды мерекемен құттықтады

160

Балаларды қорғау күніне орай "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарының жолсеріктері жас жолаушыларды мерекемен құттықтады.  

Ұлттық тасымалдаушы кішкентай жолаушыларды мерекемен құттықтады Фото: rail-news.kz

Балаларға 1 мыңнан астам сыйлық боксын табыстады. Әр жиынтық ішінде ойыншықтар, бояу суреттері, түрлі-түсті қарындаштар мен тәттілер салынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін вагон-мейрамханалар түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Сонымен қатар, жолда балаларға арналған мультфильмдер мен ойын бағдарламалары бар мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай серіктесі – "Kaztechnology" ЖШС-мен бірлесіп, пойыздағы жас жолаушыларға сыйлық таратады. Мұндай игі шараларды өткізу компанияның дәстүріне айналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу