"Қазақстан темір жолы" былтыр 160,8 млрд теңге пайда тапты

307

2024 жылы "Қазақстан темір жолы" компаниясы 160,8 млрд теңге көлемінде табыс тапқан.  

"Қазақстан темір жолы" былтыр 160,8 млрд теңге пайда тапты Фото: railways.kz

Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы (136,7 млрд теңге) табыстан 17,5%-ға артық. Мұндай ақпарат компанияның қаржылық есебінде жазылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚТЖ-ның 2024 жылғы табысы 2,16 трлн теңгені құрады, оның ішінде жүк тасымалы 1,87 трлн теңге, ал жолаушылар тасымалы 110,5 млрд теңге, мемлекеттік субсидиялар 41,1 млрд теңге әкелді. Қызмет құны 1,62 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде жалпы пайда 543,9 млрд теңгені құрады.

Компанияның активі бір жылда 1 трлн теңгеге немесе 20,6%, 5,9 трлн теңгеге дейін, капиталы 12%, 1,96 трлн теңгеге дейін, міндеттемелері 25,4%, 3,98 трлн теңгеге дейін өсті. Қолма-қол ақша жыл соңында 198,5 млрд теңгеге дейін азайды.

Қарыз бір жылда 851,9 млрд теңгеден 1,36 трлн теңгеге дейін өсті. Борыштық бағалы қағаздардың баланстық құны 1,29 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде компанияның қаржылық қарызы 2023 жылғы 2,1 трлн теңгемен салыстырғанда 2,65 трлн теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу