Ұлттық тасымалдаушы "тәртіпсіз" жолаушыларға салынатын айыппұл мөлшерін еске салды

774

Биылғы жылдың 8 айында компанияға қарасты пойыз бағыттарында 91 рет стоп-кранының (тоқтату) жұлынғаны анықталған.

Ұлттық тасымалдаушы "тәртіпсіз" жолаушыларға салынатын айыппұл мөлшерін еске салды

"Тәртіпсіз" жолаушылардан шаршаған "Жолаушылар тасымалы" стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл мөлшерін еске салды.

"Жүк вагондарында заңсыз жол жүргені үшін, пойыздың қозғалыс кезінде оған отыру және одан түсу, басқыш пен вагон үстінде жүру, заңсыз пойыз жүрісін тоқтатқаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салынады",– деген ескерту хабарлама таратты компанияның баспасөз қызметі.

Бұл ретте ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық" Кодексін басшылыққа алынып отыр.

Сондай-ақ, вагон терезесі мен есіктерінен қоқыс тастағаны және қозғалыс кезінде вагон есіктерін ашқаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Биылғы жылдың 8 айында компанияға қарасты пойыз бағыттарында 91 рет стоп-кранының (тоқтату) жұлынғаны анықталған.

"Оның 27-сі жолаушылардың ұқыпсыздық салдарынан, 14 рет – пойызға кешіккендіктен, ал 5 рет жолаушылардың жолда денсаулықтарының нашарлауына қатысты жұлынған. Сол сияқты 8 рет шойын жол үстіндегі бөгде адамдардың өміріне қауіп төнген кезде және де стансаға тоқтаған уақытта жолаушылардың түсіп үлгермеген сәтте 6 рет, сонымен бірге 3 рет
мас жолаушылар мен шығарып салушылардың кесірінен пойыз жүрісі тоқтатылған",– делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына жолда мұқият болып, тасымалдау ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу