Ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру қажет – Бақыт Сұлтанов

816

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тұрақтандырудың тиімді тәсілін жариялады.

Ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру қажет – Бақыт Сұлтанов

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тиімді қалыптастыру министрліктің тұрақты бақылауында. Өткен жылғы 11%-дық өсім импортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған негізгі 5 тауарға байланысты болды. Олардың үлесі 8,9%-ды құрады. Бағаны түбегейлі тұрақтандыру үшін министрлік бірқатар кешенді шараларды ұсынады. Әкімдіктер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауға тиіс. Шекті баға енгізу бойынша шара қабылдау, импортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған тауарлар бойынша тұрақтандыру қорын қалыптастыру, өзімізде өндірілетін тауарлар бойынша қаржыландыру көлемін 50 млрд теңгеге дейін ұлғайтып, "айналым схемасы" аясында форвардтық келісімшарттарды қаржыландыру керек",– деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін ұлғайтып, сауданы цифрландыру және ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру қажет. 

"24 көтерме-тарату орталығы салынады. Оның ішінде 2022 жылы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында 7 көтерме-тарату орталығы іске қосылады. Сонымен бірге В2В платформасы енгізіліп, әлеуметтік әмиянмен интеграцияланады", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу