Ұлттық тестілеу орталығы 2022 жылғы нәтижелерге талдау жасады

812

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-2022 нәтижелеріне егжей-тегжейлі талдау жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.  

Ұлттық тестілеу орталығы 2022 жылғы нәтижелерге талдау жасады Фото: egemen.kz

Талдау жұмыстары мектептер, ауылдар, аудандар және облыстар бөлінісінде жүзеге асырылды.

Бұл ретте ҰТО мамандары тестіленушілердің гендерлік бөлінісі, тапсыру тілі және ҰБТ пәндері бойынша дұрыс жауаптарының саны мен пайызын да анықтап отыр.

"Жалпы дұрыс жауаптардың үлесі 58%-ды құрады. Түлектер "Оқу сауаттылығы" пәні бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті, яғни сұрақтардың 82%-на дұрыс жауап берді. Одан кейінгі орындарда "Қазақ тілі" 64% және "Қазақ әдебиеті" 60% пәндері болды. "Физика" және "Химия" пәндері бойынша ең аз дұрыс жауаптар анықталды, тиісінше көрсеткіштер 40% және 38%-ды құрады. Егер гендерлік талдауды қарасақ, онда қыздардың (59%) нәтижелері ұлдарға (57%) қарағанда жақсырақ болды", - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу