Білім және ғылым министрлігі биылғы грант бойынша сұрақтарға қосымша түсіндіру жүргізуді ұйғарды. ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова тұрғындар мен БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді.
Биыл министрлік бакалавриат бойынша грант санын 6 мыңға өсірді. Дегенмен, таңдау барысында ескеретін жайт – әр түрлі мамандық бойынша бөлінген гранттар саны да біркелкі деңгейде емес. Нәтижесінде әр мамандық бойынша білім грантын алу үшін белгілі бір деңгейде балл жинау қажет. Дегенмен, бұл – жаңалық емес. Былтыр да, алдыңғы жылы да осылай болған. Сол себепті талапкерлер мамандықтарға қандай бәсеке болатынын білулері үшін әр мамандық бойынша бөлінетін гранттар көлемі жыл сайын ҰБТ өткізілгенге дейін белгілі болады.
Мамандық таңдау талапкерлер мен олардың ата-аналарының таңдауы болып табылады. Көбіне заң ісі, қаржы ісі сынды танымал, сондай-ақ, грант саны аз бөлінген мамандықтарға сұраныс түседі. Оған қоса, талапкерлер нақты бір ЖОО таңдайды. Сондықтан грант алу үшін ҰБТ ұпайлары әртүрлі мамандықтар мен ЖОО-ына қарай өзгешеленеді.
Сонымен қатар, ата-аналар ауыл квоталары мен жеңілдіктерді пайдаланатын басқа да категориядағы адамдардың бар екенін де ескеру тиіс. Ондай талапкер ҰБТ-дан алған ұпай санының төмен болғанына қарамастан грант иегері атанады. Бұл да жыл сайын қайталанатын жағдай.
"Алтын белгі" иегерлері қолданыстағы заңға сәйкес жеңілдік ала алады. Министрлік олардың ҰБТ-дан алған ұпай санын өзге талапкерлерге теңеген заң жобасы қарастырылуға берілген, бірақ әлі қабылданбады. Ол заң күзде қабылдануы мүмкін, сонда ғана "Алтын белгі" иегерлеріне берілетін жеңілдіктер жойылып, басқалармен тең дәрежеде қарастырылады.
Қайталап айтқанда, құрамына ЖОО Ассоциациясының, "Атамекен" ҰКП-ның, кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйым өкілдерінен кірген республикалық комиссия өз шешімдерін қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қабылдаған.
Ұлттық тестілеу орталығы бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесін ашып, әр ата-анамен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта +7 (71 72) 69 50 76, 69 52 61 номерлеріне хабарласып, қауырт желі арқылы қажетті ақпарат алуға болады.
Министрлік жоғары балл алған талапкерлерге ЖОО-ның грант тарының бөлінуіне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, министрлік биыл әр облыс әкімдерінің гранттарының бөлінуіне жағдай жасады.