ҰБТ сынақтарының базасы жаңартылды. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz орталыққа сілтеме жасап.
"Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын "Математика-Информатика" пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар, болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.