Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты пікір білдірді

499

12 маусымда талапкер 93 балл жинаған. 

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты пікір білдірді Фото: бейнеден скриншот

Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық тестілеу орталығы Ерасыл Уәлиевтің екі рет тест тапсырғанын - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Олар, сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.

Бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл ғана жинап, әлеуметтік желінің "жұлдызына" айналған. Ол бұл туралы видеоны TikTok-тағы парақшасында жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу