Ұлттық төлем жүйесі халықаралық төлем жүйелерімен интеграцияланып жатыр

1071

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық төлем жүйесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық төлем жүйесі халықаралық төлем жүйелерімен интеграцияланып жатыр

Ерболат Досаев ұлттық төлем жүйесінің техникалық дайындығы туралы сөз қозғап, Ұлттық банк Ұлттық төлем жүйесінің техникалық дайындығын қамтамасыз етіп жатқанын жариялады.

"Банкаралық төлем карточкалары жүйесі (БТКЖ) шеңберінде карточкалық транзакцияларды өңдеу бойынша инфрақұрылым құрылды. Қазіргі уақытта бұл жүйені Visa, Mastercard, Union Pay халықаралық төлем жүйелерімен интеграциялау жұмысы жүріп жатыр", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, нақты уақыт режимінде жеке төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге арналған Мезеттік төлемдер жүйесінің платформасы жаңартылды. 

"Ұлттық төлем жүйесінің компоненттері 2021 жылғы қараша-желтоқсанда қанатқақты жоба ретінде іске қосылады", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу