Ұлттық ұлан сарбаздары түрмеге телефон алып өтпек болғандардың жолын кесті

227

Сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын тапсыруға тырысқан.  

Ұлттық ұлан сарбаздары түрмеге телефон алып өтпек болғандардың жолын кесті Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері режимдік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін дер кезінде тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қысқа мерзімді кездесу кезінде сәлемдемені тексеру барысында, жеткізу мен кездесулерді бақылау бөлмесінде (ЖКБ), Ұлттық ұланның кезекшіліктегі әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері бірлесіп, ылғал майлықтардың қаптамасынан 1 ұялы телефон мен 2 USB зарядтау шнурын тапты.

Тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының маңызды міндеттерінің бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу