Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып, көз жұмды

659

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.  

Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып, көз жұмды Фото: Казахстанская правда

6636 әскери бөлімінің сарбазы басына оқ атып, көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz. 

Бүгінгі таңда оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізілуде.

"9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу