Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды

495

Елордадағы саябақтардың бірінде қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы көмекке шақырған баланы байқаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды Фото: Бейнежазбадан

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, суға секірген.

Белгілі болғандай, 12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастаған.

Жауынгердің батыл және жылдам әрекеті оны ажалдан аман алып қалды.

Әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу