Ұлттық ұланға тиесілі 86 гектардан асатын жер мемлекетке қайтарылатын болды

123

Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады.  

Ұлттық ұланға тиесілі 86 гектардан асатын жер мемлекетке қайтарылатын болды Фото: t.me/modgovkz

Аталған жер бірнеше рет жеке тұлғаларға қайта сатылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскери прокурорлар әскери мүліктің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

Қорғаныс мақсатындағы жерлердің пайдаланылу заңдылығын талдау барысында Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы Ұлттық ұланның әскери бөліміне бекітілген, аумағы 86 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы коммерциялық мақсатта заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады.

Прокурорлар әскери бөлім жер учаскесіне қатысты сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.

Талап арыз қанағаттандырылып, жерді мемлекеттік меншікке қайтару рәсімі басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу