Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарт әйелді өрттен құтқарды

353

Қостанайлық сержант әйелді терезе арқылы сыртқа шығарған.  

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарт әйелді өрттен құтқарды Фото: Ащық дереккөз

Қостанайда бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты. Сол маңнанн өтіп бара жатқан сержант Болат Ысқақов бірінші қабаттағы түтін толған пәтерден қарт әйелді сыртқа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бірден 101-ге хабарлап, тұрғынды құтқаруға кіріскен.

"Түтінді көріп, кіреберіске қарай жүгірдім. Өрт сөндіру бригадасын шақырдым. Кіреберістің есігі жабық болды, сондықтан ондағы пәтерлерге қоңырау шала бастадым. Есікті тез арада ашты. Кіреберіске кіргенде айналаның бәрі түтінге толғанын көрдім. Кейін уақытты жоғалтпай, мен әйелді алып, оны терезе арқылы сырттағы адамдарға тапсырдым", - дейді Болат Ысқақов.

Кейін өрт шыққан жерге Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, жедел шаралар қабылдады. Тұрғындар ғимараттан эвакуацияланды. Барлығы 15 адам құтқарылды, олардың арасында 8 бала бар. 23 адам эвакуацияланды.

Өрттің себептері анықталып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, өрт жылытқыштың жиһазға жақын орналасуынан тұтанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу