Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Жетісудағы әскери бөлімді тексерді

334

Генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілердің жағдайымен танысып, бірқатар тапсырма берді.  

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Жетісудағы әскери бөлімді тексерді Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Жетісу облысының орталығындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 5514 әскери бөліміне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында Бас қолбасшы жаңадан салынатын әскери қалашықтың жобасымен танысты. Сондай-ақ 1 және 2-батальондар мен 3-жедел мақсаттағы ротаның қызметін тексерді.

Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметін ұйымдастыру барысына назар аударып, сарбаздардың тұрғын үй-жайларын, асханаларды, оқу және дайындық сыныптарын аралады. Әскери техника паркі де тексерілді.

Бұдан бөлек, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы кинология бөлімшесі мен "Бүркіт" арнайы жасағының жұмысымен танысты. Қызметтік иттерді даярлау барысы мен арнайы бөлімше жауынгерлерінің кәсіби дайындығына назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша Аңсаған Балтабеков бөлім басшылығына әскери қызметшілердің тұрмыстық және қызметтік жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу