Ұлттық университеттер сапалы маман даярлай алмай отыр – Сергей Пен

863

Мемлекеттік грантпен оқыған студенттің ақылы бөлімде оқыған студенттен артықшылығы жоқ.  

Ұлттық университеттер сапалы маман даярлай алмай отыр – Сергей Пен

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Adal Bilim жобалық кеңсесінің  әкімшісі Сергей Пен ұлттық университеттер сапалы маман даярлай алмай отыр деп санайды. 

Оның сөзінше, ұлттық университеттер грантқа өте көп студент қабылдайды. Мемлекет ұлттық университетке әр студенттің оқу ақысын төлейді. Алайда анау айтқандай нәтиже болмайды. 

"Ұлттық бірыңғай тесттен жоғары балл алған талапкерлер ақылы бөлімге түскен студенттерге қарағанда білімді саналады. Бұған қоса ұлттық университеттің ерекше мәртебесі бар. Алайда ұлттық оқу орнын мемлекеттік грантпен бітірген студенттің дәл осы жоғары оқу орнында ақылы бөлімде оқыған студенттен немесе жеке меншік университетті тәмамдаған маманнан еш артықшылығы жоқ. Олардың 4 жыл бойы әлеуеті өспейді. Оқуды аяқтаған соң мардымсыз жалақыға жұмыс істейді. Бұл ұлттық университеттер сапалы маман даярлай алмай отыр сөз, – деді Сергей Пен. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу