Ұлттық валюта 12 теңгеге нығайды

1261

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 455,49 теңге, сату – 460,69 теңге.  

Ұлттық валюта 12 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сүйенсек, доллар теңгеге шаққанда тағы 12 теңгеге құнсызданды, деп жазды inbusiness.kz. 

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 11,44 теңгеге төмендеп, 458,76 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 наурыздағы доллардың ресми бағамы 471,30 теңге.

Kurs.kz хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 455,49 теңге, сату – 460,69 теңге.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 451,19 теңгеден сатып алынып, 457,30 теңгеден сатылуда.

Айта кететіні, сарапшылар ұлттық валютамыздың нығаюын Түркия астанасында өткен Ресей мен Украина келіссөздерінің нарыққа оң ықпалымен байланыстыруда. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу