Ұлттық валюта 5,2% нығайды – Ерболат Досаев

796

Теңге-доллар жұбының сауда-саттығы 2 есе төмендеді.

Ұлттық валюта 5,2% нығайды – Ерболат Досаев

Үкімет отырысында валюта нарығындағы жағдайды баяндаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деді.  

Ол өткен айда ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанғанын тілге тиек етіп, 
әлем бойынша мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы ОПЕК+ келісімі мен 
акция нарығындағы позитивті жағдай және дамушы елдердің валюталарының нығаюы теңге бағамына оң әсер еткенін айтты. 

"Нәтижесінде сәуір айында ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 424,57 теңгеге дейін, яғни 5,2% нығайды", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, кәсіпорындардың шектеулі режимде жұмыс істеуі шетел валютасына деген сұранысты төмендетіп, биржадағы сауда-саттық көлемін өзгерткен. 

"Наурызбен салыстырғанда теңге-доллар жұбы валюталық сауда-саттығының көлемі 3,46 млрд АҚШ долларынан 1,72 млрд долларға дейін екі есе төмендеді. Шетел валютасына сұраныс экспорттаушы компаниялар қалыптастырған ұсыныстармен, Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансферттерді бөлу мақсатында валюталарды сатумен, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімдердің бір бөлігін міндетті түрде сатуымен толық өтелді. Сәуірде квазимемлекеттік компаниялар іске асырған көлем 232 млн долларды құрады", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу