Ұлттық валюта бағамы 380 теңгеге жақындады

1010

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты екі сессияның нәтижесі жарияланды.

Ұлттық валюта бағамы 380 теңгеге жақындады

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты екі сессияның нәтижесінде 27 маусымдағы доллардың орташа бағамы 379,85 теңге болды. 26 маусымдағы қорытындымен салыстырғанда (378,65 теңге) ұлттық валюта бағамы 0,3% (1,2 теңгеге) әлсіреді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады. 

Айта кетсек, маусымның басында 1 доллар құны 385-ке жеткен еді. Айдың ортасына қарай қайта төмендеп, 378 теңге айналасында тұрақтады. Сарапшылар, жыл соңына дейін 1 доллар 400 теңгеге дейін жетуі мүмкін деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу