Ұлттық валюта бағамы 5,09 теңгеге әлсіреді

861

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық валюта бағамы 5,09 теңгеге әлсіреді

KASE дерегінше, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,09 теңгеге қымбаттап, 1 доллар 453,53 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде елордадағы ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 453 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр, ал Алматыда долларды орташа сатып алу – 452 теңге, сату – 455 теңге.

Айта кетейік, Ұлттық банк 26 сәуірде доллардың ресми бағамын 448,26 теңге деп белгілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу