Ұлттық валюта долларға қатысты 2 теңгеге нығайды

1122

KASE-де доллардың орташа сараланған бағамы 506,31 теңгеге тұрақтады. 

Ұлттық валюта долларға қатысты 2 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 17 наурызда сағат 11:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 506,31 теңге болды, деп жазды inbusiness.kz.

16 наурыз күні таңертеңгі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 508,73 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 2,42 теңгеге нығайды.

Ал KASE-дегі сағат 13:00-дегі деректерге сәйкес, доллар бағамы 504 теңгеге төмендеді. 

Кurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 11:14-те 516 теңге, Алматыда 515 теңге болды.

Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми (нарықтық) бағамы 1 долларға 508,94 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу