Ұлттық валюта нығайды

Күндізгі саудада 1 доллар 456,39 теңгені құрады. 

Ұлттық валюта нығайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі саудада ұлттық валюта бағамы нығайып, 1 АҚШ валютасы 456,39 теңгені құрады.

Жұма күні Қазақстан қор биржасында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,7%-ға (3,30 теңгеге) нығайды.

Бейсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 459,69 теңге болды.

Қазақстанның Ұлттық банкі демалыс және дүйсенбіге арналған шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады.

2023 жылғы 2-4 қыркүйектегі ресми валюта бағамдары:

  • АҚШ доллары – 456,39 теңге;
  • рубль – 4,74 теңге;
  • еуро – 495,09 теңге

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457 теңге, сату – 460 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында 457 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу