Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында теңге бағамының динамикасына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жыл басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 450,65 теңгеге дейін, яғни 0,9%-ға нығайды. Ұлттық Банк икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады және валюталық интервенциялар жүргізбейді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Оның сомасы ақпан айында 609 млн долларды құрады", - деді Ұлттық Банк төрағасы.
Тимур Сүлейменовтің дерегінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу көлемі 400 млн долларды құрады.
Айта кетейік, осыған дейін елімізде жылдық инфляция 9,3%-ға дейін баяулағанын жазған болатынбыз.