Ұлттық валютада ашылатын депозиттің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді

535

Ұлттық валютада ашылатын депозиттің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚДКБҚ" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12% дейін төмендетіледі. Ал жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі - сол деңгейде сақталады (1%)", - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді директорлар кеңесі және (немесе) "ҚДКБҚ" АҚ-ның жалғыз акционері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, қайта қарауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу