Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы сәуірде 0,7%-ға азайды

Жинақтардың долларлану деңгейі төмендеді. 

Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы сәуірде 0,7%-ға азайды Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк секторына кезекті шолуында жазылған. 

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері заңды тұлғалар депозиттерінің 3,0%-ға 14,5 трлн теңгеге дейін төмендеуінен 2023 жылғы сәуірде 1,3%-ға 30,3 трлн теңгеге дейін азайды. 

Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері 0,3%-ға 15,8 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы сәуірде 0,7%-ға 21,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 2,9%-ға 8,9 трлн теңгеге дейін азайды. 

Нәтижесінде долларлану деңгейі төмендеді және 2023 жылғы 1 мамырда 29,3%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%), бұл 2007 жылдан бергі ең төмен мән болып табылады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2023 жылғы сәуірде 14,5%-ды (2023 жылғы наурызда – 14,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,9%-ды (2023 жылғы наурызда – 13,5%) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу