Ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4,5 пайызға артты

546

Қазақстанда депозиттердің сомасы бір айда 7,6 пайызға ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4,5 пайызға артты

"Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 7,6 пайызға артып (жылдық мәнде өсу 8,1% болды), 2022 жылғы маусымның соңында 27 162,9 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 801,2 млрд теңгеге дейін 8,2 пайызға ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 13 361,7 млрд теңгеге дейін 7 пайызға өсті", - делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 581,2 млрд теңгеге дейін 4,5 пайызға артты. Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 9 581,7 млрд теңгеге дейін 13,9 пайызға өсті. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы маусымның соңында 35,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 36%) болды.

"Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы маусымда 8 715,6 млрд теңгеге дейін 3,2 пайызға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 5 085,6 млрд теңгеге дейін 18,1 пайызға артты. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 865,6 млрд теңгеге дейін 5,8 пайызға ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттері 4 496,1 млрд теңгеге дейін 9,5 пайызға артты", - деп аталып өткен ҰБ ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл маусым айында Қазақстанда АҚШ долларын сатып алу қарқыны бәсеңдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу