2023 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктерден экономикаға берілген кредиттер 1,1%-ға 23,2 трлн теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері 1,5%-ға өсу).
"Жоспарлы өтеу нәтижесінде ұлттық валютадағы кредиттер 1,4%-ға 21,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 2,5%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін азайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылғы наурызда корпоративтік теңгемен берілген кредиттердің өсуі есебінен 0,3%-ға 8,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы наурызда 0,8%-ға 9,6 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 0,5%-ға төмендеу). ШОБ субъектілеріне қарыздар 1,6%-ға 6,0 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 0,1%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 0,6%-ға 3,6 трлн теңгеге дейін төмендеді (2023 жылдың басынан бері 1,3%-ға төмендеу).
2023 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне 1,1 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілген, бұл 2023 жылғы ақпанмен (930 млрд теңге) салыстырғанда 22,9%-ға артық.