Ұлттық валютадағы салымдар 6%-ға артты

721

Халықтың теңгеге деген сенімі артып келеді.  

Ұлттық валютадағы салымдар 6%-ға артты

Еліміздің валюта нарығында жағдай тұрақтала бастады. 3 маусымдағы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесінде 1 доллар - 402,37 теңге тең. Бұл наурыз айының соңынан бері ең жоғары көрсеткіш. Яғни, бір айда ұлттық валюта 5,2%-ға нығайды, деп хабарлады finprom.kz.

Сонымен қатар жыл басынан бері  Үндістан мен Индонезия сынды дамушы елдердің төл валюталарымен салыстырғанда теңге айтарлықтай құлдыраған жоқ. 

Бұл ретте 2020 жылдың мамыр айында көптеген мұнай экспорттаушы дамушы мемлекеттердің қаржы нарығында жағдай тұрақты болғанын ескеру керек. Мәселен, мамырда Бразилия реалы 3,1%-ға, Оңтүстік Африканың ранды 6,7%-ға, Мексиканың песосы 9,8%-ға, ал Ресей рублі мұнай бағасының өсуімен қатар 6,9%-ға нығайды. 

Сондай-ақ мамырда дамушы елдердің валютасы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны ойлап табу бойынша оң нәтижелер мен дағдарысқа қарсы шаралар аясында көп құбылған жоқ. Сәуір-мамыр айларында дамыған елдердің де орталық банктері экономиканы қолдау шараларын жалғастырды. 

Елімізде карантин кезіндегі шектеулерге байланысты долларға сұраныс төмендеді. Бұл сауда биржасына әсер етті. Осылайша сәуірде ақша айырбастау пунктері арқылы жалпы көлемі 35,9 млрд теңгеге долларды сатып алу, сату операциялары жасалды. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 79,9%-ға төмен. 
Ал сәуірде Қор биржасындағы жалпы шетел валютасы бойынша сауда көлемі  1 721,36 млн долларды құрады. Бұл да наурыз айынан 50,2%-ға төмен көрсеткіш. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу