Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы құлдырай түсті

856

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы құлдырай түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 (USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және Т+1 теңгемен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін Қазақстан қор биржасында 16 қаңтар мереке күні (Мартин Лютер Кинг күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі Т+0 еуромен (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 15 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,02 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 26 500 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+1 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 48,5842 теңгені (+0,0889 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 600 мың юань (-350 мың юань) болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу