Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы шамамен 5 теңгеге нығайды

1285

KASE-де доллардың орташа сараланған бағамы 489,10 теңгеге төмендеді.

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы шамамен 5 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 28 наурыз сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 489,10 теңгеге төмендеді, деп жазды inbusiness.kz.

25 наурыздағы мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 494,03 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 4,93 теңгеге нығайды. 

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 491 теңге, Алматыда 492 теңге шамасында.

Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы 494,16 теңгені құрайды. Келесі күнгі теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша белгіленді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу