Ұлттық валютаның оң динамикасына ықпал еткен факторлар белгілі болды

Ақпанда теңгенің нығаюы шамамен 3,2%-ды құрады.  

Ұлттық валютаның оң динамикасына ықпал еткен факторлар белгілі болды Фото: nationalbank.kz

Ұлттық валютаның оң динамикасы немен байланысты екені және ақпанда халықаралық резервтердің қалай өзгергені туралы ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып берді.

"Біріншіден, мұндай динамика ірі салық төлемдерінің маусымдылығына байланысты күтілді, себебі, ақпанның екінші жартысы – "үлкен" салық аптасы болды.

Еркін өзгермелі бағамға көшу басталғаннан бері ақпанның соңғы екі аптасы теңге үшін оң болды. Ерекшеленген жалғыз жағдай – пандемия мен геосаясаттың бұрын-соңды болмаған сыртқы күтпеген өзгерістері басым болуына байланысты болған 2020 және 2022 жылдар. Екіншіден, ақпан ішінде валюта нарығында позитив жеткілікті болды – ірі тоқсандық салық апталығынан басқа, біз Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің ағынын байқадық", – деді ҰБ Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар валюта нарығына квазимемлекеттік компаниялардың сатылымы да қолдау көрсеткен.

"Ақпанда олардың көлемі 295 млн АҚШ долларын құрады. Бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында Ұлттық қордан сату 590 млн АҚШ долларын құрады, бұл ретте бір сауда күні ішінде сату көлемі 30 млн АҚШ долларынан аспады. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау аясында БЖЗҚ 226 млн АҚШ долларын сатып алды", – деді Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу