Ұлттық заңнамада "Әлеуметтік кәсіпкерлік" ұғымына анықтама берілді – Мәулен Әшімбаев

709

Парламент 63 заң қабылдады. Оның 15-не депутаттық корпус бастамашылық жасады. 

Ұлттық заңнамада "Әлеуметтік кәсіпкерлік" ұғымына анықтама берілді – Мәулен Әшімбаев Фото: Мария Матвиенко

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының жұмысын қорытындылау барысында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Президенттің бастамашы болуымен қабылданған жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салған заңды ерекше атап өткен жөн. Осылайша бұл мәселе түбегейлі шешілді. Сайлау заңнамасына маңызды өзгеріс жасалды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы норма қабылданды. Саяси партиялардың мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегі төмендетілді және сайлау бюллетеньдеріне "Барлығына қарсымын!" деген жол қосылды", – деді Мәулен Әшімбаев. 

Сенат төрағасының сөзінше, ауыл халқының өзекті мәселелерін тиімді шешу үшін жергілікті билік органдарына қосымша өкілеттік берілді. 

"Ашықтықты арттыру үшін квазимемлекеттік сектордың сатып алулары алғаш рет заңмен регламенттелді. Сот-құқық қорғау саласында қабылданған заңнамалық өзгерістердің ауқымды бөлігі азаматтардың құқықтарының қорғалуына, кәсіпкерлерді заңсыз араласудан қорғауға бағытталды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін ұлттық заңнамада алғаш рет "Әлеуметтік кәсіпкерлік" ұғымына анықтама берілді. Мемлекет тарапынан осы бағытты қолдаудың нақты шаралары мен тетіктері белгіленді. Бұл маңызды заң жобасын сенаторлар қысқа мерзімде үкіметпен және әлеуметтік кәсіпкерлермен бірлесіп дайындады", – деді Мәулен Әшімбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу